Канвассинг Ақтай-сай ауылында
«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер С.Жумина Ақтай-сай ауылының "Елім-ай" әжелер ансамблінің белді мүшесі, ардақты ана Бөденова Сымбат апайдың шаңырағына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сымбат апай елдің амандығын тілеп отырғанын айтып, үміткерге ризашылығын білдіріп, сайлауға дауыс беруге баратынын жеткізді.
