Мазмұнға өту

Жаңа

《Біздің күшіміз бірлікте》тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

23 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің қатысуымен аудандық кітапхана және Сағит Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығының қызметкерлерімен бірге «Біздің күшіміз бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде партияның жеткен жетістіктері мен болашаққа жоспарлары баяндалып еліміздегі саяси науқанның басты артықшылықтары да баяндалып, партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Сонымен қатар атаулы мекеме қызметкерлері де еліміздегі зейнет жасы мен ауданымыздың мәдениеті, кітапханалардың жұмысы мен білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді қозғай отырып ұсыныстарын білдірді. Ерболат Мұратқалиұлы айтылған ұсыныстардың назарға алынатындығын жеткізді. «Nur Otan» партиясы Казталов аудындық филиалы

0
0
178

«Nur Otan» партиясынан Жетісай ауданды

«Nur Otan» партиясынан Жетісай аудандық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Дәуренбек Нұрман, Исаев Хакарбой және Төлегенов Бақытжан Датқа ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауылдық клубта өткен жиында үміткерлер сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады

0
0
132

Ауданымызда шалғай жатқан елді мекендерді аралап үгіт-насихат жұмыстары қарқын алуда.

Ауданымызда шалғай жатқан елді мекендерді аралап үгіт-насихат жұмыстары қарқын алуда. Ауданымызда орналасқан барлық елді мекендердің жағдайымен танысу мақсатында партиямыз барлық ауылдарға барып жағдайымен танысуда. Бүгін аудандық мәслихатқа үміткер Нармұхамедов Жантөре және Төлегенов Бақытжан Мақталы ауылдық округіне қарасты Мақталы елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

0
0
103

Аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен ауданда тіркелген партия өкілдерімен кездесу өткізілді

Аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудан бойынша тіркелген партия өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу Балдысу ауылында орналасқан Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде ұйымдастырылды. Сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткізілген кездесуге "Nur Otan", "Ақжол"," Ауыл" партиясының өкілдері қатысты. Әлімбекова Гүлсара "Nur Otan" партиясының үміткері, белсенді мүшесі ретінде жетекші партиямыздың алға қойған мақсаттары мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, қолдауға бағытталған бағдарламасын жан-жақты түсіндірді. Сайлауға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.

0
0
295

«Nur Otan» партиясы Жетісай ауданы

«Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Марат Ділдәбеков және Күзенбаев Аль-Фараби Ералиев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жиын соңында Ералиев а/о тұрғындары партиямызды қолдайтынын айтты

0
0
151

Коминтерн шағынауданының тұрғындарына ақпарат таратылды

«Nur Otan» партиясы атынан, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің атымнан сенімді өкілдерім арқылы партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру бағытында Зачаганск кенттік округінде орналасқан Коминтерн шағынауданының тұрғындарына ақпарат таратылды. Кездесу барысында ауыл белсенділері ауылдың өзекті мәселелерін көтерді.

***

Сегодня от имени партии «Nur Otan», как кандидата в городской маслихат, мои доверенные лица организовали встречу с жителями микрорайона Коминтерн в Зачаганском сельском округе для разяснения предвыборной программы партии. В ходе встречи активисти подняли актуальные вопросы своего округа.

0
0
163

«Nur Otan» партиясы медициналық қызмет көрсету сапасын арттырады

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова, Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмедия Қожамсейітов, Гүлзияш Қабдешова аудандық аурухана ұжымымен кездесіп, үгіт-нәсихат жұмыстарын жүргізді.Кездесуде кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттер мен мақсаттарды түсіндіре отырып, партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады. Халықтың денсаулығына жауапты саладағы өзгерістер мен өзекті мәселелер, алдағы уақытта саланы нығайтуға бағытталған міндеттер сөз болды.Бүкіл әлемді жайлаған пандемия кезіндегі медициналық қызмет көрсетудегі күрделі мәселелер есепке алынып, орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және жақсартуға арналатыны ата…

0
0
182