Мазмұнға өту

Жаңа

Кандидаттар қабылдау өткізуде

"Nur Otan" Партиясының Зеренді аудандық филиалында құрылған сайлауалды штабының азаматтарды қоғамдық қабылдау бөлмесінде Зеренді аудандық, Ақмола облыстық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауда. Қабылдау үстіміздегі жылдың 24 қарашада бекітілген кесте бойынша өтуде. "Қараөзек" Агрофирмасының директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Ысқақов Н.Ж., Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ауғалиев Қ.Д. қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Зейнет жасын азайту, көпбалалы отбасының қатарына үш баласы бар отбасыларын енгізу, т.б. әлеуметтік мәселелер көтерілді. Барлық сұрақтар тіркеліп, жауап берілді. Сонымен қатар облыстық деңгейде шешілетін мәселелер бақылауға алынды.

0
0
166

Жыланды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер С.Сұлтанов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер С.Капуова, Б.Сұлтанов Жыланды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша ауданымызда алдағы жылдары атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары таныстырылып, елдің алдағы жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.

"Nur Otan"-ға дауыс бер!

0
0
127

Жадыра Нағашыбайқызы, "Silkway" университетінің ғылыми интеллигенция өкілдерімен кездесу өтті

"Silkway" университетінің ғылыми интеллигенция өкілдерімен кездесіп, алдағы саяси науқан жайлы, көшбасшы партияның алдағы мақсаттарының бағыттары туралы түсіндірді. Алдағы сайлаудың партиялық тізім бойынша өткелі  отырғандығы және де партияның әр қала,  аудан, облыс бойынша жеке-жеке сайлауалды бағдарламалары дайындалғаны жайында әңгіме өзегі қозғалды. Кездесудің соңында университеттің мамандары сөз алып, "Nur Otan" партиясына  саяси додаға үкілеп қосып  отырған үміткерлеріне сәттіліктер тіле, Партияластарға табыс тіледі.

0
0
174

Ақтас кентіндегі №13 жалпы білім беретін мектепке барып, партиялық бақылау жасады.

2020 жылы 24 желтоқсанда партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы, Саяси Кеңес Бюросының, партиялық бақылау комиссиясының, Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау, заңдылықтар, құқық тәртібі және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Мамирова Меруерт Мағрұпқызы қабылдау бөлмесіне үстіміздегі жылдың 23 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінен келіп түскен өтініш бойынша Ақтас кентіндегі №13 жалпы білім беретін мектепке барып, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы талаптарының орындалуына партиялық бақылау жасады.

Жұмыс барысында өтініште көрсетілген фактілер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қалалық білім бөлімі мен мектеп әкімшілігіне төмендегідей ұсыныстар берілді:

1) «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алу;

2) бала құқығын қорғау, қызметтік әдеп ережелерін сақтау туралы мұғалімдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

3) ата-аналар жиналысында бала тәрбиесі, мұғалім мәртебесі туралы мәселелерді қарау;

4) білім мекемелерінде мемлекеттік тілді, мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша идеологиялық жұмыстарды күшейту.

Берілген ұсыныстардың орындалысы алдағы уақытта партиялық бақылауда болады.

0
0
145

Канвассинг кездесулер жалғасуда

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Талғат Садуов, Ерлан Арынов, Ерлан Рүстемов, Дархан Серікбаев, Диана Сидорина, Сәуле Дәлдекеева Хантағы ауылының тұрғындарымен кездесті. Канвассинг кездесуде әрбір үйді аралап, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

0
0
171

Медицина саласындағы маңызды мәселелер талқыланды

Медицина саласындағы маңызды мәселелер талқыланды.

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Темірболат Ахажан, Ерлан Андасбаев, Алишер Манликов медицина саласының қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізді. Кездесу аясында аталмыш саладағы жаңалықтар мен бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Айта кетейік, партияның сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінген. Атап өтер болсақ, диагностикамен емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдістерін енгізу, емдеу мекемелерінің жабдықталуы, материалдық-техникалық базасын нығайту, сирек профильді 20 дәрігерді (акушер-гинеколог, маммолог, балалар рентгенологтары, эндокринолог, невролог, травматолог, проктолог) қызметке тарту, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, яғни, тұрғын үймен қамтамасыз ету. Темірболат Жанболатұлы «Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі басым бағыттары Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев бастамасы негізінде халықтың түпкі мүддесін және барлық саяси, экономикалық-әлеуметтік мақсат-міндеттерімізді айқындайтын реформалардың бағыттарына қолдау көрсету оны одан әрі жалғастыру болып табылады. Сондай-ақ, тұрғындардың денсаулығын нығайту, жалғызбасты аналарды қорғауға назар аудару, халықтың әлжауаз тобы (соғыс, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар), білім алушы жастардың әл-ауқатына баса назар аударылатын болады» -деп атап өтті.

0
0
158