Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Медицина саласындағы маңызды мәселелер талқыланды

Медицина саласындағы маңызды мәселелер талқыланды. Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Темірболат Ахажан, Ерлан Андасбаев, Алишер Манликов медицина саласының қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізді. Кездесу аясында аталмыш саладағы жаңалықтар мен бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Айта кетейік, партияның сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінген. Атап өтер болсақ, диагностикамен емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдістерін енгізу, емдеу мекемелерінің жабдықталуы, материалдық-техникалық базасын нығайту, сирек профильді 20 дәрігерді (акушер-гинеколог, маммолог, балалар рентгенологтары, эндокринолог, невролог, травматолог, проктолог) қызметке тарту, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, яғни, тұрғын үймен қамтамасыз ету. Темірболат Жанболатұлы «Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі басым бағыттары Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев бастамасы негізінде халықтың түпкі мүддесін және барлық саяси, экономикалық-әлеуметтік мақсат-міндеттерімізді айқындайтын реформалардың бағыттарына қолдау көрсету оны одан әрі жалғастыру болып табылады. Сондай-ақ, тұрғындардың денсаулығын нығайту, жалғызбасты аналарды қорғауға назар аудару, халықтың әлжауаз тобы (соғыс, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар), білім алушы жастардың әл-ауқатына баса назар аударылатын болады» -деп атап өтті.

0
0
116

Осы тақырып бойынша