Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Канвассинг кездесулер жалғасуда

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Талғат Садуов, Ерлан Арынов, Ерлан Рүстемов, Дархан Серікбаев, Диана Сидорина, Сәуле Дәлдекеева Хантағы ауылының тұрғындарымен кездесті. Канвассинг кездесуде әрбір үйді аралап, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

0
0
132

Осы тақырып бойынша

Канвассинг кездесулер жалғасуда - Yvision.kz