Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтас кентіндегі №13 жалпы білім беретін мектепке барып, партиялық бақылау жасады.

2020 жылы 24 желтоқсанда партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы, Саяси Кеңес Бюросының, партиялық бақылау комиссиясының, Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау, заңдылықтар, құқық тәртібі және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Мамирова Меруерт Мағрұпқызы қабылдау бөлмесіне үстіміздегі жылдың 23 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінен келіп түскен өтініш бойынша Ақтас кентіндегі №13 жалпы білім беретін мектепке барып, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы талаптарының орындалуына партиялық бақылау жасады.

Жұмыс барысында өтініште көрсетілген фактілер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қалалық білім бөлімі мен мектеп әкімшілігіне төмендегідей ұсыныстар берілді:

1) «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алу;

2) бала құқығын қорғау, қызметтік әдеп ережелерін сақтау туралы мұғалімдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

3) ата-аналар жиналысында бала тәрбиесі, мұғалім мәртебесі туралы мәселелерді қарау;

4) білім мекемелерінде мемлекеттік тілді, мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша идеологиялық жұмыстарды күшейту.

Берілген ұсыныстардың орындалысы алдағы уақытта партиялық бақылауда болады.

0
0
106

Осы тақырып бойынша

Ақтас кентіндегі №13 жалпы білім беретін мектепке барып, партиялық бақылау жасады. - Yvision.kz