Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кандидаттар қабылдау өткізуде

"Nur Otan" Партиясының Зеренді аудандық филиалында құрылған сайлауалды штабының азаматтарды қоғамдық қабылдау бөлмесінде Зеренді аудандық, Ақмола облыстық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауда. Қабылдау үстіміздегі жылдың 24 қарашада бекітілген кесте бойынша өтуде. "Қараөзек" Агрофирмасының директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Ысқақов Н.Ж., Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ауғалиев Қ.Д. қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Зейнет жасын азайту, көпбалалы отбасының қатарына үш баласы бар отбасыларын енгізу, т.б. әлеуметтік мәселелер көтерілді. Барлық сұрақтар тіркеліп, жауап берілді. Сонымен қатар облыстық деңгейде шешілетін мәселелер бақылауға алынды.

0
0
133

Осы тақырып бойынша

Кандидаттар қабылдау өткізуде - Yvision.kz