Ақтас кентіндегі №13 жалпы білім беретін мектепке барып, партиялық бақылау жасады.
2020 жылы 24 желтоқсанда партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы, Саяси Кеңес Бюросының, партиялық бақылау комиссиясының, Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау, заңдылықтар, құқық тәртібі және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Мамирова Меруерт Мағрұпқызы қабылдау бөлмесіне үстіміздегі жылдың 23 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінен келіп түскен өтініш бойынша Ақтас кентіндегі №13 жалпы білім беретін мектепке барып, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы талаптарының орындалуына партиялық бақылау жасады.Жұмыс барысында өтініште көрсетілген фактілер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қалалық білім бөлімі мен мектеп әкімшілігіне төмендегідей ұсыныстар берілді:1) «Педагог мәр…
