«Nur Otan» партиясының сенім білдірген өкілдері спорт саласы өкілдерімен кездесуі
«Nur Otan» партиясының сенім білдірген өкілдері аудандық дене шынықтыру сауықтыру кешенінде партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында спорт саласы өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында сенім білдірген өкілдер партия бағдарламсындағы алдағы бес жыл ішінде ауданымыздың түрлі саласында, соның ішінде тұрғындардың спортпен айналысуына жағдай жасау мақсатында спорттық нысандардың жұмысын жақсарту бойынша жасалатын жұмыстардың бағытын жеткізді. Спортшылар өз кезегінде партия саясатын қолдайтындықтарын, спорт саласына жасалатын қолдауларға ризашылығын білдірді.
