Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдауда...

"Nur Otan" партиясының Зеренді аудандық филиалы жанында құрылған Зеренді аудандық сайлауалды штабының азаматтарды қоғамдық қабылдау бөлмесінде "Nur Otan" партиясы ның Зеренді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Зеренді аудандық мәселихатының депутаттығына кандидат Абдуахитов Р.А. азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында баспана мәселесі көтерілді. Баспана кезегіне тұру мен баспана алу бағытындағы тиімді бағдарламалар туралы түсініктеме берілді.

Сонымен қатар, кешегі күні "Рейн" жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің директоры, Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сусин А.В. қабылдау өткізді. Көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, жалғызбасты аналарға төленетін жәрдемақы түрлерін көбейту немесе көлемін ұлғайту туралы мәселе көтерілді. Сонымен қатар "Дипломмен ауылға" бағдарламасы тек қана әлеуметтік сала қызметкерлерін ғана емес, басқа да сала қызметкерлерін қамтыса екен деген ұсыныс білдірді. Денсаулық, білім, мәденит саласының қызметкерлінің еңбекақысы жыл сайын өсуде, ал мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктер мен қаржы саласының мамандарына да еңбекақысын өсірсе деген ұсыныс та қалыс қалмады. Сұрақтар тіркеліп, бақылауға алынды. Кейбір аудандық облыстық деңгейде қамтылған мәселелер сайлауалды бағдарламасына енгізілген болатын.

0
0
150

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдауда... - Yvision.kz