Мазмұнға өту

Жаңа

Андасбаев Ерлан Сулейменұлы тікелей эфирінде

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Андасбаев Ерлан Сулейменұлы тікелей эфирінде азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, партияның сайлауалды бағдарламасындағы дамудың 7 бағытын қамтып өтті.

0
0
231

Бүгін, Оңтүстік Қазақстан Университетінің жастарымен сайлау алды штаб өкілі кездесу өткізді.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

-Бұл  үгіт - насихат жұмыстарының барлығы партияның жұмыс жоспарына енгізіліп отыр және кезең-кезеңімен оң шешімін табатын болатыны айтылды. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз.

0
0
204

«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан

Мұсабек ауылдық округінде тағы бір мәрте жалғасын тапты. Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында партия атынан облыс пен аудан мәслихаты депутаттығына  үміткерлер тұрғын үйлерді аралап, сайлаушылармен кездесті. «Есіктен – есікке» акциясы үміткерлердің сайлаушылармен еркін форматта жүздесіп, партия бағдарламасын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді. Кездесуде пандемияның орын алғанына қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бар күшін салатыны жайында айтылды. Бағдарламада алдағы 5 жылда Көксу ауданында атқарылуы қажет жұмыстар толық көрініс тапқан. Оның ішінде өзгерістер жолында әр азаматқа лайықты өмір салтын қалыптастырудағы басымдықтарға айрықша мән берілді. Білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау салаларын дамыту да алға қойылып отыр. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығын дамытудың шаралары да қамтылды. Яғни, жеке қожалықтарын ашып мал өсіріп, егін егемін деген шаруаларға баса назар аударылады. Бұл міндеттерді бірлесе отырып іске асыруға дайынбыз, – деген Секенбай Шеңгелбаев тұрғындарды кездескен қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жету үшін 10 қаңтарда өтетін сайлауда дауыс беруге үгіттеді.

0
0
249

Аудандық маслихат депутттағына кандидаттар Қорағаты ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аудандық маслихат депутттағына кандидаттар М.Мейманханов,Б.Бабасов, С.Бисембаев, А.Баймуратова,Н.Беркимбаев, Д.Әбдікерім Қорағаты ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізді. Сайлаушылармен кездесу кезінде кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріп 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар жөніндеайтты. Тұрғындардың ерікті түрде сайлауға барып таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді. Сондай -ақ 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «NUR OTAN» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
150

Абылғожина Сәулеш Қаратал ауылдық округінің мұғалімдерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстары.

Аудандық мәслихат депутатына үміткер Абылғожина Сәулеш Қаратал ауылдық округінің мұғалімдерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

0
0
164

«Қазақстан Темір Жолының» Шымкент қаласындағы бөлімшесінің ұжымымен кездесуі өтті.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Б.М.Тулегенов, Ж.Д.Билисбеков бірге "КТЖ" ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында жұмысшыларға "Nur Otan" партиясының республикалық және қалалық бағдарламасын таныстырдық. Бағдарламамен танысқан жұмысшылар өздерін мазалап жүрген бірқатар мәселелермен бөлісті.

Жұмысшылардың мәселелері партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқарылатынын жеткіздік.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

0
0
192