Мазмұнға өту

Жаңа

Елтаңбаны ауыстыруға қатысты комиссия құрылды

Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады.

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты.
«Комиссия аталған мәселені тыңғылықты қарастыратын болады. Егер бұл мәселеге қатысты оң шешім қабылданған жағдайда, шығыстарына қатысты қалған жайттар туындайды», — деді министр.


@qazaqstantv

0
0
376

Тағы бір молданың сөзі жұртты дүрліктірді

Молданың ораза ұстай алмайтын адамдар "күніне кемі 3 000 теңге төлеп отыруы керек" дегені жұртты дүрліктірді.

undefined

"Ораза ұстай алмайтын, денсаулығы нашар адамдарға сол оразасының фидиясы ретінде 3 000 теңге белгіленді. Бір күнде таңғы ас мың жарым теңге, кешкі ас мың жарым теңгеге алып беруі керек. Бұл кемі. 5 000, 10 000, 20 000-ға алып беремін десе тамақты өзі біледі. 3 000 теңгеден кем болмауы керек", - деді молда.

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
417

Бұрынғы полицейлер Қаңтар оқиғасы кезінде азаптағаны үшін сотталды

Талдықорған қаласының соты 18 наурыз 2024 жылы "қаңтар оқиғасы" барысында азаптау фактілерін қолданған бұрыңғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарылды (ҚК 146-бабы).Қылмыстық іс Жетісу облысының арнайы прокурорларымен тергеп-тексерді.Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция Департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді.Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген.Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды.Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және м…

0
0
279

Қазақтың ұлттық киімі қырғыздың саудасын қыздырып жатыр

Барахолкадағы “қырғыз рядта” сауда қайнап жатыр. Мұғалімдер, тәрбиешілер, басқа да бюджеттік, мемлекеттік мекеме қызметкерлері шапан мен камзол іздеп базарда шарқ ұрып жүр. Себебі биылдан бастап наурызнаманың төртінші күні “Ұлттық киім күні” деп белгіленген. Сондықтан өрнектелген кажекей, жакеттерге сұраныс артты.Бірақ ұлттық киім күнінің қызығын қырғыздар көріп жатыр. Өйткені олардың тауарлары арзан, қолжетімді. Ал, отандық дизайнерлердің бір шапаны 500 мың, камзолдары 200 мың теңгеден басталады. Ұлтыңды сүйген қанша патриот болсаң да бұл баға біз үшін қымбат.Кешелі-бері супермаркет, банк сияқты мекеме қызметкерлері де ұлттық киіммен қызмет қылып жүр. Оқушылар да оюланып-өрнектеліп алыпты. Керемет көрініс. Енді осы үрдіс тек наурызбен шектеліп қалмаса екен.Аптасына бір күн шапан жамылып,…

0
0
441

Президент креативті индустрия өкілдерімен кездесті

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдерімен кездесті.

Президентке музыка, әлеуметтік желі, киноиндустрия, жасанды интеллект және киберспорт салаларында табысқа жеткен отандық жобалар таныстырылды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
425

Алматыда құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйден өрт шықты

18 наурыз күні сағат 13:58-де Алматы қаласындағы Алатау ауданында, Момышұлы көшесі, Универсиадная көшесінің бұрышында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің аумағында, 1-қабатта 15 ш.м.алаңда пластикалық құбырлардың жануы орын алды. Сағат 14:08-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Алматы қаласы ТЖД жеке құрамынан 13 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды. t.me/qr_tjm

0
0
356

Қызылорда облысында екі айда 40 млн теңге алимент өндірілген

Қызылорда облысының прокуратурасы биыл алимент өндіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.Прокуратура органдарымен Әділет департаментіне және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 10 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.Нәтижесімен биыл екі айда 43 жалғыз басты аналардың пайдасына 40 млн теңге алименттен берешек өндірілді, 64 қаскөй борышкер уақытылы алимент төлемегені үшін ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 21 жеке сот орындаушы алиментті мәжбүрлеп өндіру кезінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік көрілді.Прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 қаскөй борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді, оның 4-уі қылмыстық жауаптылыққа, қалғандары бойынша тергеу жүргізілуде.Мысалы, борышке…

0
0
278

Астанадан Ереванға тікелей әуе рейсі ашылатын болды

Қазақстан Астанадан Армения астанасы – Ереванға тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр.

Фото : Airbus

Бұл туралы екі елдің сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Арарат Мирзоянның Еревандағы кездесуінде айтылды, деп жазады @SputnikARM.

Сондай-ақ тараптар қазақ-армян бизнес кеңесін құру мәселесін талқылады.

0
0
300

Министр "баланың ораза ұстағаны дұрыс па?" деген сұраққа жауап берді

Балаға ораза ұстатар алдында оның денсаулығына ерекше мән беру керек. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді."Жалпы алғанда, баланың ағзасы тез өседі және күнделікті көп энергия жұмсайды. Сондықтан осы энергияны уақылы толықтырып отыруы керек. Атап айтқанда, әрбір ата-ана балаларының дамуына қатысты мәселені түсінуі керек. Баланың денсаулығы үшін уақытылы, сапалы әрі теңгерімді тамақтануы өте маңызды деп есептеймін", - деді министр.Сондай-қ Ақмарал Әлназарова баланың жас ерекшелігін де назарға алу керектігіне тоқталды."Әр ата-ана баласына рұқсат берсе, бұл өз отбасы ішіндегі жеке мәселесі екені түсінікті. Бірақ бала белгілі бір жасқа дейін дұрыс тамақтануы керек деп санаймын. Менің ойымша, 16-17 жасқа дейін, яғни барлық органдарының толық қалыптасуына мән…

0
0
272

Әлеуметтік мәні бар арумен ауырып қалған болуы мүмкін адамдарға тегін қызмет көрсетіледі

Әлеуметтік мәні бар ауруға күдікті пациенттер дәрігерлерге МӘМС-тен тыс қарала алады.Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік мәні бар ауруға (ӘМА) күдікті адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында нормативтік базаға өзгерістер енгізеді.Бұған дейін халықтан диагноз қою мақсатында клиникалық-диагностикалық зерттеулер алу бөлігінде медициналық көмектің қолжетімділігін шектеуге көптеген шағымдар түскен.Енді ӘМА-ға күдікті адамдарға МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес диагностикалық зерттеулер тегін негізде қолжетімді болады.Айта кетейік, әлеуметтік мәні бар ауру ұғымына енетін негізгі белгілер – аурудың жаппай сипат алуы. Яғни ел арасында аурудың таралу пайызы жо…

0
0
383