Алматы облысында үш жасар қыз жоғалып кетті. Оны іздеуге тікұшақ тартылған
Үш жасар баланы іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды.17 наурыз сағат 21-44-те Алматы облысының ТЖД-не Еңбекшіқазақ ауданының Безымяное көлі Куш ауылының маңында 2021 ж.т. қыз жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, ол 16-30-да ересектердің қарауынсыз қалып, үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Іздеу орнында жедел штаб құрылды. Іздеу жұмыстарына ТЖД, РЖҚЖ, ПД, ҰҰ ә/б, аңшылық шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер арасынан 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ "Қазавиақұтқару"тікұшағы жұмылдырылды. Бірінші күннен бастап құтқарушылар тізіліп қарау әдісімен жер үсті іздестірді. РЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынына сүңіп іздестіруде, сондай-ақ тартылған күштер мен құралдармен оқиғ…


