Интернет арқылы жезөкшелік ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
Бүгін Мәжілісте адам саудасына қатысты заң жобасы талқыланып жатыр.Заң жобасына жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен телекоммуникация және Интернет желісі арқылы көрсету енгізілген. «Жезөкшелік» анықтамасының ұсынылып отырған редакциясы жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оған заңсыз тартумен айналысатындарды және болашақта ұйымдастырушыларды ҚР ҚК 134, 308, 309-баптары және ҚР ҚК мен 450 ӘҚБтК бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.Ішкі істер министрі Ерлан Сәденовтің айтуынша, заң жобасында 2 ілеспе құжат бар. Оның біріншісі - «Бірқатар заңнамалық актілерге өзге…


