Мазмұнға өту

Жаңа

Түркістан облысында 5 адам батпақтан құтқарылды

Құтқарушылар 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды.

Иллюстрациялық фото: massaget.kz-

Бүгін Түркістан облысының Оранғай ауылының маңында балшық массасында тұрып қалған жеңіл автокөліктен 5 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Олар Қызылжол ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес.

0
0
261

Бүгін - Наурызнама бойынша Жыл басы

22 наурыз – Жыл басы. Наурызнама онкүндігінің тоғызыншы күні. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Астананың орталық алаңында, Қазақ елі және Бәйтерек монументтерінің жанында, Астаналық саябақ аумағында және EXPO алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен негізгі мерекелік концерттер өтеді. Алматыда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді. Арбатта Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады. Елімізде Наурыз мерекесі биылдан бастап 10 күн бойы аталып өтіп жатыр. Наурызнамның онкүндігінің әр күнінің өз мәні бар, ол мейірімділікті, руханилықты, ынтымақтастықты, жасампаздықты, жаңаруды…

0
0
232

Қазақстан мен Қатар $17,6 млрд-тық инвестициялық жобаларды іске асыруға кірісті

20 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қатар мемлекетіне барды.Дохада Олжас Бектеновті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қабылдады. ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы сәлемі мен мен ізгі тілектерін жеткізді.Кездесу барысында қазақ-қатар қатынастары ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша және жоғары қарқынмен нығайып келе жатқаны атап өтілді. Биылғы ақпан айында өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөздер екі елдің ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге көтеруге деген өзара ұмтылысын растады.Сапар аясында Олжас Бектенов Қатар Премьер-Министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдурахман Әл Тәнимен шағын және кеңейтілген…

0
0
291

Түнде Афинада Грекия-Қазақстан матчы өтеді

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекия құрамасымен кездеседі.Бұл матч OPAP Arena стадионында Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады. Дүбірлі доп додасын Qazaqstan және Qazsport телеарналары мен олардың сайттары сағат 00:35-те тікелей эфирге қосады.Қақпашылар:Игорь Шацкий – «Ақтобе»Бекхан Шайзада – «Ордабасы»Данил Устименко – «Қайрат»Қорғаушылар:Сергей Малый – «Ордабасы»Темірлан Ерланов – «Ордабасы»Роман Асранкулов – «Тобыл»Руслан Валиуллин – «Тобыл»Еркін Тапалов – «Тобыл»Марат БыстровАлександр Марочкин – «Астана»Ян Вороговский – «Астана»Бағдат Қайыров – «Ақтөбе»Әділхан Таңжарықов – «Ақтөбе»Нұралы Әліп – «Зенит» (Ресей)Александр Зуев – (Ресей)Жартылай қорғаушылар:Асхат Тағыберген – «Ордабасы»Рамазан Оразов – «Ақтөбе»Максим Самородов – «Ақтөбе…

0
0
519

Президент Алматының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады.Ерболат Досаев Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады: ➤ биылғы екі айдың қорытындысы бойынша қала экономикасының қарқынды өскені, Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсімі 1,7 пайызға жеткен; ➤ жергілікті бюджетке түскен қаржы 55 пайызға, яғни 287,5 миллиард теңгеге дейін көбейген; ➤ негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып келеді. 190 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім көрсеткіші 24,5 пайызды құраған; ➤ былтыр тамыз айында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау аясында мегаполисті полиорталық ретінде дамыту, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту, құрылыстардың тығыз салынуын болдырмау және басқа да мәселелер бо…

0
0
329

Шымкентте «ең адал полицей» атанған қызметкер жемқорлық үшін ұсталды

Шымкентте полицей Азамат Айымбетов бопсалаумен айналысты және пара алды деген күдікпен ұсталды.

«Қала тұрғындарының бопсалау және делдалдар арқылы пара алу деректері туралы шағымы бойынша Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы патрульдік полиция ротасының командиріне қатысты қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Күдікті тергеу қапасына қамалған.

Оның «ең адал полицей» атануы мынадан еді:

Азамат Айымбетов 2022 жылы өзінің бастығы, полковник Мұхтар Бұхарбаевтың үстінен арыз жазады. Өйткені оны бастығы қымбат нәрселер, мысалы, ұшақ билетін, жиһаз және сол сияқтыларды алып беруге мәжбүрлеген көрінеді.

Сол жылы қарашада Бұхарбаев 3 жарым жылға сотталды. Кейін мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты.

0
0
286

Биыл елімізде 4 ауқымды жоба қолға алынбақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы мерекелік құттықтау сөзі кезінде биыл елімізде 4 ауқымды жоба қолға алынатынын жеткізді.Атап айтқанда, көптеген жылу орталығы және инженерлік желілер жаңғыртылады, 12 мың шақырым жол салынып, жөнделеді. Сонымен қатар 300 мың адам табиғи газдың игілігін көре бастайды және ауыл мен аудан тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспайтын болады. Ал жалға берілетін баспана саны бірнеше есе көбейеді."Мұның бәрі халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етері сөзсіз. Елге, халыққа арналған осындай игі шаралар міндетті түрде жалғасын табады. Баршаңызды бүгінгі Көктем мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болс…

0
0
257

ІІМ алаяқтардың жиі қолданатын сөздерін атады

Ішкі істер министрлігіндегілер алаяқтар жиі қолданатын 6 сөзді атап, олардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керектігін айтты.Сонымен, біреу телефон шалғанда мына сөздерді естісеңіз, телефоныңызды тастай салғаныңыз жөн:- сіздің ақшаңызды алып қойғалы жатыр, күдікті операция тіркелді;- SMS-тегі кодты айтып жіберіңіз;- тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, алаяқтарды ұстауға көмектесіңіз, бұл туралы ешкімге айтпаңыз;- несиеге өтініш толтырылды;- ақшаны арнаулы және қауіпсіз шотқа аудару керек;- банк картаңыздың / SIM-картаңыздың қолдану мерзімі біткелі жатыр.Ал жалпы, алаяқтардың айласына түсіп қалмау үшін не істеу керек: - күмәнді адамдардың телефон арқылы жасаған нұсқауын орындамаңыз; - жеке деректерді, банк карталарының CVV-кодтары мен реквизиттерін бөтен адамдарға бермеңіз; - күдікті сі…

0
0
258