Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Шымкентте «ең адал полицей» атанған қызметкер жемқорлық үшін ұсталды

Шымкентте полицей Азамат Айымбетов бопсалаумен айналысты және пара алды деген күдікпен ұсталды.

«Қала тұрғындарының бопсалау және делдалдар арқылы пара алу деректері туралы шағымы бойынша Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы патрульдік полиция ротасының командиріне қатысты қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Күдікті тергеу қапасына қамалған.

Оның «ең адал полицей» атануы мынадан еді:

Азамат Айымбетов 2022 жылы өзінің бастығы, полковник Мұхтар Бұхарбаевтың үстінен арыз жазады. Өйткені оны бастығы қымбат нәрселер, мысалы, ұшақ билетін, жиһаз және сол сияқтыларды алып беруге мәжбүрлеген көрінеді.

Сол жылы қарашада Бұхарбаев 3 жарым жылға сотталды. Кейін мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты.

0
0
259

Осы тақырып бойынша