Алматыда сәбиді автобуста ұмыт қалдырып кеткен (видео)
Алматыда автобустан кішкентай бала табылды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада коғамдық көлік жүргізушісінің сәбиді алып, патрульдік полиция қызметкеріне беріп жатқаны көрсетілген. Видеоға «Миы ашып жүрген біреу автобуста баласын ұмытып кеткен» деп жазылыпты.
«Ағасы келе жатыр. Осы жерде тұра тұрыңызшы», – дейді жүргізуші тәртіп сақшысына.
Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек те сәбидің туыстары тез табылғанын хабарлады.
«Ата-анасы бірнеше минутта табылды. Оларға баланы беріп жібердік. Бәрі жақсы», – деді ол.
