«Біздің үміткер» айдарында – Атауов Бауыржан Аяпбергенұлы
«Біздің үміткер» айдарында – Атауов Бауыржан Аяпбергенұлы1973 жылы 12 шілдеде Жаңақала ауданындағы Пятимар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1996 жылы сол кездегі Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтынан «ветеринарлықдәрігер» мамандығын алып шығады. 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген. Бұдан әрі «мемлекеттік басқару» тақырыбы бойынша Ұлыбританиядағы Солтүстік Ирландиядағы Ольстер университетінде біліктілікті арттыру курсынан өткен.Еңбек жолын 1997 жылы туған жерінде мемлекеттік ветеринарлық инспектор қызметінен бастаған Бауыржан Аяпбергенұлы өз ісіне деген жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігінің арқасында 2003 жылы ауылдық округ әкімі болып тағайындалады. Ауылды басқара…
