Өңіріміздің спортшыларымен кездесті
Бүгінгі экспромт кездесудің кейіпкерлері әр жарыстарда өңіріміздің абыройын асқақтатып,халықаралық аренада көк туымызды желбіреткен отбасылы спортшылар туралы болмақ.
Махамбетов Сұңғат Әнуарбекұлы Сырым ауданының тумасы,2006 жылдан бастап «Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында» білім алып, қазіргі уақытта мектеп-интернат-колледжде дзюдо күресінен жаттықтырушы қызметін атқарады.
Жоғары дәрежелі бірінші санатты жаттықтырушы,дзюдо мен самбо күрестерінен ҚР спорт шебері.
Қалалық, облыстық,республикалық жарыстардың жүлдегері,2012 жылы самбо күресінен жастар арасында Азия чемпионатында І орын,Әлем чемпионатында 2 орын алған.2013 жылғы «Қазақ барысының» қатысушы
Жолдасы Елеусінова Айдана Нұрлыбайқызы осы мектеп-интернатын тамамдап,дзюдо күресінен жаттықтырушы болып жасайды.
Жоғары дәрежедегі жоғары санатты әдіскер.Самбо күресінен ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
2011-2012 жылдары самбо күресінен жастр арасында Азия чемпионатында 1 орын,Әлем чемпионатынан 2 орын иеленсе,2013 жылы әйелдер арасындағы Әлем кубогының жеңімпазы.
Екеуі ұл-қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.
Аталмыш оқу орнында болашақ чемпиондарды жаттықтырып, дәріс береді.
Әрбір медальдың қандай еңбекпен келетінін спортшылар да,жаттықтырушылар да анық біледі.
Жалпы өңірімізде самбо, дзюдо күрестерінің жарық жұлдыздары көп.
Спорт ұлттық қарым-қатынасқа,іскерлік өмірге,адамдардың өмір салтына, адамгершілік құндылықтарға ерекше ықпал етеді.
Бүгінгі кейіпкерлеріміз : «Дене шынықтыру мен спорт тұлғаның қалыптасуына маңызды рөл атқарады.Спорт-қайсарлықтың, табандылықтың, мінездің қалыптасу мектебі» дейді.
Орал қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударылған.
5 жыл ішінде Зашаған кентінде күрес және ойын залдары бар спорт залы,қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде спорт кешені,Зашаған кентінде 50 метрлік жаттығу залымен бассейн,халықаралық деңгейге дейінгі жарыстар мен турнирлерді ұйымдастыру көзделген.
