Ардагер құрылысшы Асқар Дабысқалиұлы Қабановпен кездесу
Бүгін әріптесім Марат Қаженов екеуміз ардагер құрылысшы Асқар Дабысқалиұлы Қабановтың үйіне барып, сайлауалды бағдарламаның басты бағыттарымен таныстырдық.
Ол жерде біз профессор Махамбет Ержанұлы Ержановпен және досы Ерболат ағамен кездестік.
Асқар Дабысқалиұлы бар өмірін құрылыс саласына арнады. Ол еңбек жолын бетоншы болып жұмыс аткарудан бастады. 2008 жылы оған Қазақстанның Кұрметті Кұрылысшысы атағы берілді, ал 2015 жылы Ақжайық ауданының Кұрметті Азаматы атанды. 2012 жылы ол «Ерен еңбегі үшін» медаліне иеленді, 2018 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Жанқиярлық еңбегімен бірге ол үнемі қайырымдылық істермен айналысты. Бүгінде ол еңбек ету үстінде, тек ауыл шаруашылығы бойынша қазір өзінің туған ауылы Жаңабұлақты өркендетуде.
Кездесу барысында еңбек ардагерлері өздері тұратын Қаракөл, Қарашығанақ көшелерінің жолдарын жөндеуді сұрады. Бұл көшелерде алғаш болып өздері үй салып, коммуникация өткізгендерін сөзге тиек етті. Алайда жол өте нашар жағдайда,- дейді олар.
Біз «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының бағдарламасы және партия жұмысының нәтижелері туралы әңгімеледік.
Ардагерлер жалпы Nur Otan-ның тұрақтылығы мен сенімділігіне жоғары баға берді. Әсіресе карантин кезінде жасалынған жұмыстардан айқын көрінді - пандемияға қарамастан, кәсіпорындар өз жұмыстарын тоқтатпады, ал Орал қаласының тұрғындары аз кірістерге де қанағат етті. Осынау қиын кезеңде «"Nur Otan"» партиясы "Birgemiz" қорынан материалдық көмек ұйымдастырып, мұқтаж жандармен кездесіп, азық-түлікпен көмектесті.
Ардагерлер бізді 2021 жылдың 10 қаңтарында өз дауыстарын ең сенімді партия - Nur Otanға беретіндіктеріне сендірді.
