Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еңбек ардагерімен кездесті

28 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы атынан Казталов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерболат Бекмулдин мен Сәрсенбай Молдашев үгіт-насихат жұмыстары барысында еңбек ардагері Қараөзен ауылының тұрғыны Болат Бекешовтың отбасында болып партияның бес жылға арналған бағдарламасын таныстырды. Үміткерлер партияның жеткен жетістіктері мен болашақтағы жоспарларды талқылады. Елбасының көрегендігі мен сарабдал саясатының маңыздылығы да ескерілді. Кездесуде халықтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне,экономикамызға қатысты бірқатар мәселелермен бірге Қараөзен ауылдық округінде балабақша мәселесін де тілге тиек етті. Болат Оразұлы үміткерлерге сайлауда сәттілік тілеп ақ батасын берді.

"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
150

Осы тақырып бойынша

Еңбек ардагерімен кездесті - Yvision.kz