Адал еңбегіңмен,қалтқысыз қызметіңмен ғана ел алдында абыройың артады,беделің биіктейді
«Адал еңбегіңмен,қалтқысыз қызметіңмен ғана ел алдында абыройың артады,беделің биіктейді » деген өнегелі сөзімен канвассинг кездесуімізді бастады Жұмағали Нұғманов атамыз.
Сонау Ресейде дүниеге келіп, 14 жасында Жаңақала ауданына қоныс аударады.Сол жерде толық білім алып, Шәпекенова Мария Бакайқызымен отбасы құрады.Әлеуметтік, білім , мәдениет салаларында ұзақ жылдар қызмет еткен. Мария апайда Құрманғазы атындағы саз колледжінен зейнетке шыққан.Бес бала тәрбиелеген,немере-жиендерін қосымша білім алуына өзі апарады.
Отбасылық құндылықтар-ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың негізі.
Тілеухан деп есімін қойған немересі жаз бойы 50-ден астам үйрек балапандарын өсіріп, еңбектенуіне баулыса,Айша-бибі немересімен гүлдер мен теректер егіп, зерттеу жұмыстарын жүргізуге талпындырады.Тіпті ауласында «Айша-бибі саябағында» салып тастапты.Бір ұлы ауылда тұрады, өзі қаймағы бұзылмаған елді мекендегі ауылдастарын сағына еске алады.
Мектепте ұйымдастырылатын ән байқаулары мен мерекелік концерттерде немерелерімен бірге қатысып отырады.Ұлдар мен қыздармен жұмыста белсенділік танытып, мектеп әкімшілігіне барынша көмектеседі.
Жұмағали атамызды қыз бала тәрбиесі толғандырады, осы бағыттағы жұмыстар жан-жақты асыл әжелермен,аяулы аналармен, сырлас жеңгелермен бірлесе жүргізу қажет деп біледі.
Сонымен қатар ұлттық санамыз бен құндылықтарымызды жоғалтпаудағы өз пікірлерін де білдіріп үлгірді.Аз ғана уақыт ішінде бір отбасы үлгісінде еліміздегі сабақтастық пен ардагерлеріміздің бейбіт күндегі қажырлы еңбек жылдарын тамсана тыңдап отырдық.
Менің пікірімше,осындай қарапайым отбасыларды мейлінше көп насихаттамауымыз қажет.Себебі, ұрпақтар сабақтастығы-аға буынның кейінгі ұрпаққа мирас етер тәжірбиесі,үлгі-өнегесі, рухани байлығы болып қала бермек.
