Мазмұнға өту

Жаңа

"Nur Otan" партиясының Жезқазған қалалық филиалы

"Nur Otan" партиясының Жезқазған қалалық филиалының эксперті Ботакөз Зейнурова тұрғындардың өтініш-тілектерін онлайн форматта тыңдады.

Желіге қосылған жезқазғандықтарды коммуналдық саланың мәселелері толғандырады. Ботакөз Зейнурова көтерілген шағымдар тиісті мекеме мен кәсіпорын басшыларына жеткізілетініне сендірді.

0
0
186

Құрметті отандастар!Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.

Құрметті отандастар!Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Тарих қойнауына енгелі тұрған 2020 жыл Қазақстан Республикасы үшін оңай болмады. Алайда, қазақ халқы тағы да өзінің күштілігін дәлелдеп, ел басына түскен қиыншылықты қасқая тұрып жеңіп шықты. Біз ажырамас бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында әлі талай сын-қатерлерден сүрінбей өтеріміз анық.Біз, "Nur Otan" партиясы Жаңа 2021 жылға өрелі жоспарлармен қадам баспақпыз. Біздегі басты мақсат - туған жердің дамуына жаңа серпін беретін партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" бағдарламасын жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы межеге жетуде Сіздердің қолдауларыңызға сенім артамыз.2021 жылы армандар орындалып, әрбір үйде молшылық, береке-бірлік орнап, Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан гүлденіп өркендей…

0
0
189

Соғыс ардагерімен кездесу (канвассинг)

Түске таман Ұлы Отан соғысының ардагері, бірнеше ордендер мен медальдардың иегері, шекарашы Боқаев Бисен ақсақалдың үйіне бардық. Аман-саулық сұрасқасын, әкеміз өз өмірінен біраз әңгіме айтты. Ағайын болып шықты. 30-шы жылдары ел Түрікменстан жаққа ауғанда, сегіз жаста екен. 1942 жылы әскерге шақырылып, Бессарабия, Румынияны азат етуге қатысыпты, Яссы-Кишинев операциясында шайқасқан. Соғыс біткесін 1949 жылға дейін КСРО шекарасын күзетуге қалдырылған екен. Армияда комсомол ұйымын басқарып, партияға да өтіпті. Бисеке "Екеуміз онда партиялас болып шықтық, мен де 1989 жылы армияда КПСС мүше болып едім" деп әзілдестік. Ақсақал мән-жайды білгесін "Айналаның бәріне айтамын",Nur Otan дұрыс қой" деді. Ас ауыз тиіп, әкеміздің батасын алып, қоштасып жатырсақ, бір кішкентай шөбересі маған "Ата сау б…

0
0
156

"Есіктен - есікке" акциясы шеңберінде ...

"Есіктен - есікке" акциясы шеңберінде Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Советбек Медебаевтің сенімді өкілі Александр Ким мен кандидат Виктор Сотников Пушкин мен Жанасов көшесіндегі тұрғын үйлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Тұрғындарға халықты әлеуметтік қолдау және дамудың жеті басым бағыттары бойынша жеке-жеке тоқталып, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстарды да кеңінен түсіндірген олар партияның алға жоспарланған іс-шаралар тізбегін де кеңінен таныстырды.Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда цехтарын дамыту, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін, жаңа жұмыс орындарын ашу сынды сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан басым бағыттарға егжей-тегжейлі тоқталған кандидат пен сенімді өкіл алдағы уақытта жезқазғандықтардың алаңсыз өмір с…

0
0
180

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Мархаббат Аймағанбетова онлайн-кездесу өткізді.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Мархаббат Аймағанбетова онлайн-кездесу өткізді.Осы жолы "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен төрағасы Думан Жаманов бастаған Жезқазған аймағы кәсіпкерлерінің және өнеркәсіпшілерінің қауымдастығы мүшелері танысты. Сайлауалды бағдарламада кәсіпкерлікті өркендетуге бағытталған қомақты қолдаулардың барын алға тартқан кандидат жетекші партия қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында барлық салада тың жобаларды қолға алатынын жеткізді.Соңғы жылдары елімізде экономиканың негізі саналатын шағын және орта бизнесті дамытуға ден қойылғанына назар аудартқан конференция қатысушылары олар тұрақтылықты бағдары еткен "Nur Otan" партиясын таңдап, сайлауда кандидатқа қолдау көрсететіндерін ашық айтты.@nur_otan @baibekbk…

0
0
156

Бекзат Алтынбеков "Есіктен - есікке" акциясы аясында жезқазғандық сайлаушылардың үйіне барды.

Бекзат Алтынбеков "Есіктен - есікке" акциясы аясында жезқазғандық сайлаушылардың үйіне барды.Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, көптен қордаланған түйткілді мәселерін оңтайлы шешу жолдарын қарастырған, сонымен қатар, алдағы кезеңдерде атқарылуға тиісті бірқатар жаңа жобалар жоспары мен дамудың бағыт-бағдары қамтылған "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.Тұрғындар мүддесін бәрінен жоғары қойған құжатты қабылдау кезінде халықтың ұсыныс-пікірі толықтай ескерілгендіктен болар "Nur Otan" партиясының бағыты көптің көңілінен шығып, бүгінде қолдауға ие. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен әзірленген партия бағдарламасы дамудың бағдаршамы екенін тілге тиек еткен кандидатқа сайлаушылар ақ жол тілеп, батасын бер…

0
0
153