Экспромт - кездесу өтті.
Экспромт - кездесу өтті. Луговой ауылы тұрғындарымен экспромт - кездесу өтті. Халықпен тосыннан кездесуге облыстық мəслихат депутаттығына кандидаттар А. Қораласбаев пен Ш. Мырзалиев келді. Үміткерлер əрбір тұрғынға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сауалдарына жауап берді. Кандидаттар тұрғындар жағдайы ауылдың тұрақты əлеуметтік - экономикалық дамуының көрсеткіші екенін айтып, аудан тұрғындарының жағдайларын арттыруға күш салатындықтарын тілге тиек етті. Үміткерлер барлық сұрақтарға тұщымды жауап беріп, "Nur Otan" партиясымен бірге болуға шақырып, қолдау көрсететіндеріне сенім білдірді.


