Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтаудағы канвассинг

Мүмкіндіктері шектеулі мүшесі бар отбасыларына бардық.

Олардың жағдайларымен танысып, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін және аманаттарын жинақтадық.

Азат Жанғаұлы Есіркепов ініміз өзі бизнес жобасына қатысты қолдау қажет екенін айтса, Асылым Темірғалидің анасы жер учаскесін алуға көмектесу, осындай отбасыларына мемлекет тарапынан үйді жеңілдіктермен беруді, емге Үкімет тарапынан арнайы қомақты қаржы бөліп, қолдауды сұрады.

Саят Бердіқылышұлының анасы бюджет тарапынан алып, беріліп жатқан инваколяскалардың диагнозға байланысты бейімделген түрлерін алса, мүгедек адамдардың қамқоршыларына автоьус, теміржол, ұшақ жол шығындарына жеңілдік қарастырылса, атаулы әлеуметтік көмек алуда проблемалардың бар екенін айтты.

Nur Otan партиясы бұл бағыттағы мәселерге жете назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды әлі де жетілдіреді.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

Nur Otan Aktau

0
0
114

Осы тақырып бойынша

Ақтаудағы канвассинг - Yvision.kz