Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жетібай елді-мекенінде канвассинг

Сенек, Бостан ауылдарынан кейін, кешкісін атбасын Жетібай елді-мекеніне бұрдық. Жетібайлық мұнайшы, кәсіпкер азаматтармен алқалы құрма болды. Елдің белсенді азаматы, қоғамға жанашыр Жұмсақов Ағзам ағамыз Жетібайдағы экологиялық ахуалға алаңдайтынын, жұмыссыздық жағдайы да өршіп тұрғанын айтып, осы мәселелерді шешуге күш салу қажет екендігіне тоқталды. Одан басқа да азаматтардан бірнеше әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ұсыныс-тілектер болды. Ауыл азаматтары сайлауда "NurOtan" партиясын қолдайтындарын білдірді.

#nurotan

#edilzhangbyrshin

0
0
137

Осы тақырып бойынша

Жетібай елді-мекенінде канвассинг - Yvision.kz