Бишімбаевтың адвокаттарын сот залына кіргізбей қойды
Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот жалғасуда.
Адвокат Ерлан Ғазымжанов төрайымдық етуші судья Айжан Құлбаевадан адвокаттар Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанованы сот залына кіргізуге рұқсат беруін сұрады.
Айта кетейік, бүгін қорғаушылар белгісіз себептермен сот отырысына уақытында келе алмады. Бірақ кеше адвокат Құсайынова үзіліс жариялар алдында өзінің басқа сот отырысына қатысып жатқанын айтып, судьядан бүгінгі отырысты сағат 10:00-ге шегеруге рұқсат беруін сұраған еді. Судья одан бас тартты.
Бүгін енді кешігіп келгені үшін кіргізуден бас тартып отыр.
«Олар үзіліс жарияланған кезде кіре алады, қазір тікелей эфир болып жатыр», - деді судья Айжан Құлбаева.
https://t.me/satzhangram
