Кездесу өтті
Туған ауылыма тағы жолым түсті. Сырым аудандық "Nur Otan " партиясы төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрағасы Даргужиев Т.М.,штабтың төраға орынбасары Иманғалиев С.И. және өзім аудандық маслихат депутаттығына үміткер Ойшыбаева Айнагуль Мағауияқызының сенімді өкілі ретінде Бұлан ауылы тұрғындарымен кездесіп сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, облыстық, аудандық сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып , кітапшаларын әр қатысушыға толықтай танысу үшін тараттық. Кездесу барысында сөз алған штаб төрағасы нақты жоспарланған жұмыстарға тоқталып Бұлан ауылы бойынша қойылған жол, ауыз су, интернет желісі мәселелерінің 2021-2025 жж бағдарламаға енгізілгенін, келер жылы бірінші кезекте жол мәселесі шешілетінің атап өтті. Іс сапарымыздың жалғасы Досалиев Махамбет басқарып отырған шаруа қ…



