Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кандидат қонақта

Бүгін кіндік қаным тамған туған жерім Жосалы ауылдық округінде болып ,ауылымның тыныс,тіршілігімен, қысқы маусымға дайындық барысымен танысып ,азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдап,ақылы қоғамдық жұмыста жүрген жұмыссыз азаматтармен кездесіп,Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасымен таныстырып,мемлекеттік бағдарламаның халыққа берері мол екенін ,пайдалану керектігі түсіндірілді!Өз өтініштері бойынша аманаттарын қабылдадым, округтің дамуы, мектептің күрделі жөндеуді қажет ететіні,жол мәселесін көтерді,О дан соң 92 жастағы 40 жыл ұстаздық қызмет еткен, ҚР білім беру ісінің үздігі ұстазым тарихшы-географ Балуаш Серғазиев ағайдың шаңырағында боп,қал жағдайымен танысып,"Nur Otan " партиясының сайлау алды бағдарламасымен таныстырып,сайлауда партияны қолдап дауыс беруге шақырып,ағамыздың партияның сайлау алды бағдарламасын қуаттайтындығын, көзі көрмеседе көкірегі ояу саяси сауаттылығын білдіріп,елдің тыныштығын,жастарымыздың болашағы жарқын болса екен деп тілейтіндігін білдіріп ,ақ батасын беріп шығарып салды,ұстазымның 100 жасауына тілектестігімді білдіріп қоштасып кеттік,содан кейін Құрмет белгісі орденінің иегері ,Еңбек ардагері 40 жылдан астам жанар жағар май автокөлігінің жүргізушісі, зейнеткерлікке шықса да ардагерлер кеңесінің төрағасы боп, кейіннен денсаулығы сыр бергенше ауылдық мешітте имам болған Мусин Өтей ағайдың шаңырағында боп,"Nur Otan " партиясының сайлау алды бағдарламасымен таныстырып, партияға дауыс беруге шақырып,сайлауға түсетін кандидаттарға сәттілік тілейтінін, халықтың игілігіне қызмет етсін деген тілегін білдірді.

Елдің кіндік шешесі 1000 даған баланың кіндік шешесі боп өмірге келтірген,40 жылдан астам акушерка болып қызмет жасаған 82 жастағы Үсенова Мария кіндік шешеміздің шаңырағында боп,"Nur Otan " партиясының сайлау алды бағдарламасымен таныстырып, сайлауда партияны жақтап дауыс беруге шақырып, дауыс беретіндігін айқындап қолын беріп серттесті, анамыздың күнделікті теледидардан, баспасөз ақпарат құралдары беттерінен барлық ақпаратпен танысып, оқып ,біліп,отырғанының куәсі болдық,ұлды ұяға, қызды қияға,қондырып, немере ,шөбере сүйіп отырған бақытты ана, ұлдары елге қызмет етіп,еліміздің экономикасының дамуына өз үлестерін қосып,халықты жұмыспен қамтып отырған еңбекқор азаматтар ,Саян ағамыз ШҚ басшысы, Сырым ауданының "Құрметті Азаматы "Рауан ағамыз Астана қаласындағы "Нази" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры ,жылма жыл мектепке қол ұшын созып,балаларымызды тегін Астана қаласына саяхаттауды ұйымдастырып,спорттық құрал жабдықтармен қамтып,Ауыл жамағатына мешіт салып беріп,қайырымдылық шараларымен айналысады ,Заман есімді ұлы да өз кәсібімен айналысады.Анамыз өз сөзінде медицина саласының қызметкері ретінде Пандемиядан сақтанып жүру керектігін, тезірек бітіп,қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман тусын деген тілегін білдіріп, аналық ақ батасын берді! Көркейіп гүлдене бер туған жерім!

0
0
150

Осы тақырып бойынша

Кандидат қонақта - Yvision.kz