Мазмұнға өту

Жаңа

Спорт өкілдерімен кездесу.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Боранбаев Айболат «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Қобда ауданының спорт өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Елдің болашағы жастардың қолында дей отырып дамудың 7 бағытының ішінде жастарға көңіл бөлінгендігін айта кетті.- Ауданның шаруа қожалықтары мен ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. 2025 жылға дейін жыл сайын жаңа жұмыс орындарына 100 жастан орналастыруға;- “Жасыл ел” еңбек топтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңге кемінде 400 жасты жұмысқа орналастыруға;- Көпсалалы колледж базасында жаңа заманауи қажеттілігі бар мамандықтар ашуға;- Қобда, Әлия,Талдысай ауылдарындағы “Coworking center” қызметі арқылы жастардың шығармашылығын және өзін-өзі дамытуғ…

0
0
175

Кандидаттар ел ішінде

Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Тумышев, К.Ешманов, Л.Мендыгалиева және Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, Э.Утеевтің сенімді өкілі Қ.Телагус , аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Байжан, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева сайлаушылардың үйіне үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг-кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткерлер «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы», батагөй ақсақал Шаймұрза Байпақовтың шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айтты. Алда келе жатқан саяси доданың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген Ш.Байпақов ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
112

"Адалдық алаңы Маңғыстау аудандық" жобалық кеңсесінің мүшелері

"Адалдық алаңы Маңғыстау аудандық" жобалық кеңсесінің мүшелері және "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы өкілдерінен құрылған мобильді топ дәріханалардағы дәрі-дәрмек қорының жеткіліктілігі мен бағаның тұрақтылығына мониторинг жүргізді.Нәтижесінде аудан дәріханаларында дәрі - дәрмек қоры жеткілікті және баға тұрақты екендігі анықталды

0
0
133

"ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ" акциясы жалғасуда

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жанболат Саймағамбетов, Жұлдыз Мұханбетқалиқызы және Е.Өтеевтың сенімді өкілімен бірлесе Рахат ауылының Жұлдыз ш/а "Есіктен-есікке" акциясы аясында үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түрғындармен байланыс кезінде қоғамдық көліктердің сапалы қызмет көрсетілмейтіндігі және ауылда азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың жанында болмауына байланысты мәселелер көтерілген.

“Nur Otan” партиясының 5 жылдық бағдарламасы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқытын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталғаны түсіндірілді. Кандидаттар тұрғындарды алдағы өтетін сайлауға қатысып, "Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan

0
0
138

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырдым және алдағы сайлау науқанына шақырдым. Қымбат апай елдің жағдайын айта келе, ауылға жоғары білімді дәрігер керектігін, аналар кеңесінің жұмысын жандандыру, болашақта ауыл әкімінің жергілікті жердің тумасы болғанын қалайтынын айтып өтіп, алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

0
0
133

21 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жыңғылды ауылы тұрғындарымен кездесу

21 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жыңғылды ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауылда атқарылған жұмыстар легін баяндадық. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып ауылды дамытуда өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды. Ауылдың төменгі бөліктерінде интернет желісінің әлсіз екені, ауылдағы паркті көгалдандырып демалыс орындарын ашу,жабдықталған балалар ойын алаңы керектігін талқыладық. Кандидаттар сұрақтармен ұсыныстардың барлығы қаперге алынатындығын білдіріп, 2021 жылы 10 қаңтардағы сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
163

"Nur Otan" партияcының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру

Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің "Nur Otan" партияcының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында ауданның мүмкіндігі шектеулі жандарымен үгіт-насихат кездесуі болып өтті. Онлайн кездесу Zoom платформасы арқылы өтіп, тұрғындардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріліп, үміткерлер тарапынан сайлауалды бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шаралар мен жобаларға тоқталып, толығырақ түсіндіріп өтті.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

NUR OTAN-ға ДАУЫС БЕР!

ГОЛОСУЙ за Nur Otan!

0
0
137