Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партияның сайлауалды үгіт - насихат жұмыстары жалғасын табуда.

Партияның сайлауалды үгіт - насихат жұмыстары жалғасын табуда. Аудандық мəслихат депутаттығына кандидат Қ.Арыстанбеков ауылшаруашылық өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Кандидат "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттерді түсіндіріп өтті. Осы күнге дейін жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Мемлекет тарапынан ауылшаруашылығы бағытына ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты. Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері де осы саланы қолға алып, еңбектенем десе де қолдау мол екендігін сөз ете келе, партиямен бірге өз таңдауларын жасауға сенім артты. «Nur Otan» партиясымен бірге болуға шақырып, қолдау көрсететіндеріне сенім білдірді.

0
0
110

Осы тақырып бойынша

Партияның сайлауалды үгіт - насихат жұмыстары жалғасын табуда. - Yvision.kz