Кездесу өтті
Туған ауылыма тағы жолым түсті. Сырым аудандық "Nur Otan " партиясы төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрағасы Даргужиев Т.М.,штабтың төраға орынбасары Иманғалиев С.И. және өзім аудандық маслихат депутаттығына үміткер Ойшыбаева Айнагуль Мағауияқызының сенімді өкілі ретінде Бұлан ауылы тұрғындарымен кездесіп сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, облыстық, аудандық сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып , кітапшаларын әр қатысушыға толықтай танысу үшін тараттық. Кездесу барысында сөз алған штаб төрағасы нақты жоспарланған жұмыстарға тоқталып Бұлан ауылы бойынша қойылған жол, ауыз су, интернет желісі мәселелерінің 2021-2025 жж бағдарламаға енгізілгенін, келер жылы бірінші кезекте жол мәселесі шешілетінің атап өтті. Іс сапарымыздың жалғасы Досалиев Махамбет басқарып отырған шаруа қожалығының тыныс -тіршілігімен танысып, шқ жұмысшыларымен кездесумен жалғасты. Біз барған уақытта шаруашылық қызу тіршілік үстінде екен. ШҚ жұмысын жүргізіп отырған Досалиев Мақсот ағамыз жылы қарсы алып , шаруашылықта жүрген қызметкерлерімен бірге сайлауалды бағдарламамен таныс екендерін, отбасымен алдағы сайлауға бір кісідей қатысып " Nur Otan" партиясына дауыс беретіндерін айтты. Бізде алдағы жылымызға сәттілік , шаруа қожалығының ісіне береке тіледік.
