Денсаулық сапасын арттыру мақсатында "Nur Otan"партиясы нақты жоспарлармен шараларды жүзеге асырмақ.
Денсаулық сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында "Nur Otan" партиясы алда нақты жоспарлармен шараларды жүзеге асырмақ. Облыстық мəслихат депутаттығына кандидат Ш.Мырзалиев аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесуде денсаулық саласына қатысты партия жоспарын кеңінен талқылады. Басқосу барысында кандидаттар партияның бесжылдық бағдарламасын таныстыра келе, атқарылатын ауқымды істерді атады. Сала қызметкерлерімен негізгі басымдықтар туралы пікірлесе отырып, қойылған сауалдарға жауап берді. Кандидаттар сайлаушылардың ұсыныстарын да тыңдап, сайлау науқанында белсенді болуға жəне партияны қолдауға шақырды.

