Nur Otan Екібастұзда кезекте тұрған 3 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етеді
Екібастұз қалалық сайлауалды штабының төрағасы Нияз Макраев бүгін сайлаушылармен тікелей эфирде жүздесті.Айтуынша, біздің қалада 51 мың отбасы тұрса, соның 1100-і – көпбалалы отбасы.Nur Otan партиясы қаланың дамуына 7 бағытта басымдық бермек. Оның ішінде:Кезекте тұрған 3 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету;9,6 мың тұрғыны бар 21 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Соның ішінде 2 мыңдай адам мекен ететін 4 ауылға суды сүзгіден өткізетін ұңғыма (скважина) орнату;Ауылдық дәрігерлік амбулаториялар үшін 5 жедел жәрдем көлігін сатып алу (Солнечный кенті, Шідерті кенті; Төртүй ауылы, Ақкөл ауылы);Жедел медициналық көмек беретін автомобиль паркін жаңарту;Денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізу (2021 ж- №3 емхананы, 2024 жылы – №1 емхананы);25 қала мектебінде күрделі жөндеу…