14-баланың анасы Сауранбаева Ажархан апаның шаңырағында
14-баланың анасы Сауранбаева Ажархан апаның шаңырағында
Канвассинг
Атауы да ерекше. Канвассинг кездесу - танымал, құрметті азаматтармен кездесу.
"Қайран біздің аналар арды ойлаған..." деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай еңбек етіп, "қара жұмыста" жүріп бой жеткен, шаңырағының түтінін түтетіп, азаматтарды жоқтатпаған, қайсар аналарымыздың ерен еңбегі бізге үлгі. "Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін" деген ұранмен еңбек еткен кешегі арулар, бүгінгі әжелер әр ауылда бар.
Бүгін сондай ауданымызбен, ауылымыздың құрметті тұрғыны, 14-баланың анасы Сауранбаева Ажархан апаның шаңырағында аудандық маслихат депутаттығына үміткер Раева Бақыт жүздесіп қайтты, Ару анамыздың өмірі мен еңбек жолындағы жеткен жетістіктерін, салиқалы өсиеттерімен сусындап, батасын алды.
Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының басымдықтарын кеңінен түсіндіріп, насихаттады.
#NurOtan
#Алматыоблысы
#NurOtan2021
#JenimpazBol
