Үгіт-насихат жұмыстары
Бүгін сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарымен облыстық мәслихатқа үміткер Алиев Нурбол құрлыс нысандарын тексеріп үгіт-насихат жүргізіп жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының аудан, облыс көлемінде осы күнге дейін атқарған және алдағы бес жылдықта атқарар бағдарламасымен таныстырды. Жалпы, жиналған жұрт біздің Партияның жұмыс барысына ризашылықтарын білдірді. «Nur Otan» жарқын болашақтың, нақты істердің, халықтың ой-пікірін тыңдап, қол үшін беретін, еліміздің берекесі мен әлеуетін арттыратын партия екенін жарыса айтып, партия жұмысына оң бағаларын берді.
“Nur Otan”партиясының партиялық тізіміне облыстық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелген Алиев Нурбол өз тарапынан айтылған тілектерге алғысын білдіре отыра, тұрғындардың Партияға тапсырған тапсырмаларын, мейлінше орындалуына ат салысатынын айтып өтті.Қорыта келгенде, Партия қолдаушылары алдағы сайлауға бір адамдай қатысып, өздерінің дұрыс таңдауларын жасайтындарын мәлімдеді #NUROTAN
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021
