Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрғындарды белсенділікке шақырды

Бүгін Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Мақпал Тажмағамбетова аудан тұрғындармен “Skype” желісі арқылы онлайн жүздесті.

Сайлау еліміздің әрбір азаматы үшін бей-жай қарауға болмайтын, мемлекеттегі маңызды өзгерістерге бастайтын науқан. Сол себепті «Nur Otan» партиясы өздерінің үгіт-насихат жұмыстарында азаматтарды белсенді болуға шақыруды да ұмыт қалдырған емес.

Кездесу барысында жұртшылыққа алдағы сайлау науқанының маңыздылығы түсіндіріліп, алға қойылған мақсаттар мен бағдарламалар жайы баяндалды.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын халыққа барынша түсінікті жеткізу, алға қойып отырған 7 бағытын жүзеге асыру жолындағы халықтың қолдауы, еліміздегі нақты ұстанымы мен өміршең жоспарлары туралы желіде, сайлаушыларымен тілдескен кандидат М.Тажмағамбетова ашық әңгіме өрбітті.

Қазіргі таңда халықтың көзі ашық, түрлі ақпарат құралдары, әлеуметтік желі арқылы еліміздегі мәні зор саяси шараның өткізілуі туралы хабардар. Сол себепті ауыл-аудан жұртшылығы өздерімен байланысқа шыққан кандидаттарға аймақ проблемасын айтпай жүре алмайды.

Жиын барысы сұрақ-жауаптармен жалғасып, тұрғындармен пікір алмасты.

Үміткер өзіне кезінде тапсырылған аманаттарға адал болса, алдағы партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес жоспарланған жұмыстарды ширату, халық өтінішін аяқсыз қалдырмау төңірегінде көптің сенімін бекітуге тырысты.

Жиында партияның атқарған жүйелi жұмыстары баяндалды.

Үмiткер аудан тұрғындарын 2021 жылдың 10 қаңтарында болатын сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
132

Осы тақырып бойынша

Тұрғындарды белсенділікке шақырды - Yvision.kz