Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке" акциясы қарқын алуда

"Есіктен есікке" акциясы қарқын алуда.

Райымбек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Шымырбаев Нартай, Абай Сырымбет, Шорманов Мурат ауылдық округітерді аралап тұрғындарымен «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Бұл жай үгіт-насихат емес, бұл үлкен жұмыс. Біздің тұрғындардың сыртта бей-жай қалмайтындығына және осындай кездесулер барысында өздерін мазалайтын мәселелер мен сұрақтарын көтеріп, ауданның дамуына өз үлестерін қосып жатқаны сөзсіз қуантарлық жағдай.

"Nur Otan" партиясы қазақстандықтардың ертеңі күні туралы алаңдамай, лайықты жағдайда өмір сүруі үшін нақты шешімдерді қабылдауды талап етеді.

"Nur Otan" партиясының үміткерлері бүгінгі акция аясында халықпен кездесіп, алдағы бесжылдыққа арналған партияның жоспарымен таныстырды. Тұрғындар "Nur Otan" партиясы бұрынғыдай әрбір қазақстандықтың әл – ауқатын арттыру бағытына адал болып қалатынына сенеді.

«Nur Otan» нақты істер партиясы!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#nurotan #jasotan #bizbirgemiz #бізбіргеміз

0
0
136

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" акциясы қарқын алуда - Yvision.kz