Үгіт-насихат науқаны да өз мәресіне жақындауда.
Бүгін Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткерлер Бекайдар Тулегенов, Наргиза Керимбаева, Тахирбек Нишанбаев Шымкент қаласының ардагерлерімен кездесіп, партиямыздың 5 жылдық бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырып, ардагерлердің ұсыныс талап тілектерін тыңдады.
Ардагерлер қауымы «Nur Otan» партиясы қуатты және табысты мемлекеттің қалыптасуына ықпал еткенін тілге тиек етіп, 10 қаңтар еліміздің басты саяси күшіне бірауыздан дауыс беретіндерін жеткізді.
