Партия мүшелері,Партиялық бақылау комиссиялының мүшелері құрылыс компанияларының өкілдерімен кездест
Партия мүшелері, Партиялық бақылау комиссиялының мүшелері құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесу қатысушыларына партияның сайлауалды бағдарламасы туралы Бауыржан Бекмұрзаев, Асхат Хабылбеков және Әсия Тоқтамысова айтып берді. Тұрғын үй мәселесі, жастарды қолдау шаралары мен білім беру сапасы талқыланды. Асхат Хабылбеков-кәсіпкер. Құрылыс саласында жұмыс тәжірибесі бар, қазір сақтандыру компаниясында жұмыс істейді. Онлайн-кездесу барысында қала көшелерін абаттандыру және жоспарланған құрылыс көлемі туралы айтты. - 2025 жылға дейін Павлодарда – жаңа шағын аудандарда – 31 тұрғын үй салынады. Бұл 900 мың шаршы метр тұрғын үй. «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік осал топтарына және сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтін адамдарға арналған тұрғын үй сертификаттарының…



