Мәслихат депутаттығына үміткерлердің "Демеу" бастауыш партия ұйымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.
«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлердің еңбек ұжымы "Демеу" бастауыш партия ұйымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Кездесу аясында Байсеркина Динара Сәтжанқызы - №6 қалалық емхананың бас дәрігері, Сүлейменов Ерлан Мельсұлы – ЖШС «КДЛ ОЛИМП» бас директоры, Уразалина Динара Аманболқызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық ауруханасының директоры қатысты және №13 қалалық емхананың бас дәрігері Закарьянова Лейла Лухмановна және де емхана ұжымы қатысты.
Кездесу барысында үміткерлер медицина өкілдерімен тиімді диалог құра алды, олар өз қажеттіліктері туралы айтты. Олардың ұмтылыстарын естіген үміткерлер, өз кезегінде, сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында партияның алдағы жоспарларымен бөлісті. Көптеген тармақтар отандық дәрігерлердің өзекті мәселелерін шешуге бағытталғандығы қуантады.
