Нұротандықтар Мойылды ауылының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді
Нұротандықтар Мойылды ауылының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді. Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Виктор Пряхин аға буынды қолдау шаралары, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді орта құру және бұқаралық спортты дамыту туралы айтып берді. - «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында еліміз бойынша 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысаны ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімделуде. Жаңа оңалту орталықтары ашылады. Мүгедектігі бар адамдарға жұмысқа орналасуды жеңілдету үшін «Кәсіптер атласы» әзірленді, - деп атап өтті Виктор Пряхин. Депутаттыққа кандидат 2025 жылға қарай балалар мен жасөспірімдер спорт клубтарының санының артатынын, ұлттық спорт түрлерін дамытуға көбірек көңіл бөлінетінін, Павлодарда екі жаңа спорт кешені мен заманауи жеңіл атлетика манежі салынатынын айтты. Ерқанат Әбенов өз баяндамасын экономика мәселелеріне арнады. - 2025 жылға дейін 4 зауыт салынады. Бұл өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары, соның ішінде алюминий профилін өндіретін зауыт және сүт өнімдерін өңдейтін зауыт. «Павлодар» АЭА кәсіпорындары толығымен жүктеледі. Осының барлығы жаңа жұмыс орындарын ашуға және шығарылатын өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті депутаттыққа кандидат Ерқанат Әбенов. Рүстем Әлханов шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді. Оның айтуынша, жаңадан бастаған кәсіпкерлер айтарлықтай қолдау алады. Жыл сайын жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 850 мемлекеттік грант бөлінетін болады. Депутаттыққа кандидат Виталий Голубенко экология мәселелеріне тоқталды. Ол қаланы көгалдандыру және өнеркәсіптік кәсіпорындарда жаңа сүзгілерді орнату жоспарлары туралы айтты. ___________
Нуротановцы провели онлайн-встречу с жителями села Мойылды. Кандидат в депутаты павлодарского городского маслихата Виктор Пряхин рассказал о мерах поддержки старшего поколения, создании доступной среды для людей с особыми потребностями и развитии массового спорта.
- В рамках партийного проекта «Кедергісіз келешек» 22 тысячи объектов социальной инфраструктуры по всей стране адаптируют для людей с особыми потребностями. Будут открыты новые реабилитационные центры. Чтобы людям с инвалидностью было проще устроиться на работу, разработан «Атлас профессий», - перечислил Виктор Пряхин.
Кандидат в депутаты сообщил: к 2025 году увеличится число детско-юношеских спортивных клубов, больше внимания уделят развитию национальных видов спорта, в Павлодаре построят два новых спорткомплекса и современный легкоатлетический манеж.
Ерканат Абенов посвятил свое выступление вопросам экономики. - До 2025 года будут построены 4 завода. Это предприятия обрабатывающей промышленности, в том числе – завод по производству алюминиевого профиля и завод по переработке молочной продукции. Будут полностью загружены предприятия СЭЗ «Павлодар». Все это позволит создать новые рабочие места и увеличить объем выпускаемой продукции, - отметил кандидат в депутаты Ерканат Абенов.
Рустем Альханов рассказал о мерах поддержки малого и среднего бизнеса. По его словам, серьезную поддержку получат начинающие предприниматели. Ежегодно на реализацию новых бизнес-идей будет выделяться по 850 государственных грантов.
Кандидат в депутаты Виталий Голубенко остановился на вопросах экологии. Рассказал о планах по озеленению города и установке новых фильтров на промышленных предприятиях
