Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партияның сайлауалды бағдарламасын ЕуразияГуманитарлықИнституты колледжінің оқытушыларымен талқылауы

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлердің партияның сайлауалды бағдарламасын Еуразия гуманитарлық институты колледжінің оқытушыларымен талқылауы онлайн форматта өтті.

Кездесуге Орынбасаров Азамат Манасұлы – Қамкор-құрылыс компаниясының және «Керуен Групп» ЖШС Бас директоры, Әлқожа Рүстем Әбдіоқапұлы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің департамент директоры және Ақылбек Данабекұлы – «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агортехникалық университетінде» декан орынбасары қатысты.

«Nur Otan» партиясының бағдарламасы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы мен халыққа жолдауында көрсетілген міндеттерге негізделген.

Сайлаудың басты мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.

0
0
191

Осы тақырып бойынша

Партияның сайлауалды бағдарламасын ЕуразияГуманитарлықИнституты колледжінің оқытушыларымен талқылауы - Yvision.kz