Партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау
Бүгін Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылындағы сенімді өкілім бірқатар ақсақалдардың үйінде болды.
Соның бірі ауыл шаруашылығы саласының ардагері 78 жастағы Нәсіпхан ақсақал.
Партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, аудан көлемінде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы баяндап берді. Өз кезегінде ардагерлер партияның жаңа бағдарламасына ризашылықтарын білдірді.
"Қазір елімізде қандай да бір істің басы қасында жүрген жалғыз ғана партия, Nur Otan деп білеміз. Осы жолғы бағдарламасы да көңілге қонымды. Әрбір науқан сайын жоспарлаған бағдарламаларын жүзеге асырып, ел-халықтың сенімін ақтап келеді"-деді ақсақал
#BizBirgemiz!
#NurOtan
#JenimpazBol
Ospan Kazakhbayev
