Мазмұнға өту

Жаңа

Шұбар ауылының аналарымен "Жібек ана" кафесінде кездесу өткізді.

Ауданға, Шұбар ауылына қатысты жерлерін де тілге тиек етті.- 2025 жылға дейін Шұбар ауылына газ жүйесі тартылады деп жоспарлануда. 2021 жылы 150 орындық әсем де әдемі Мәдениет үйі бой көтереді. 2021 жылы 20 пәтерлі 1 үй салынады. Ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан, облыс бюджеті есібінен орталық көшелерге бейнебақылау камерасы қойылатын болады, - деді Б.Бекбосын.

0
0
175

Ақтау қалалық білім бөлімі басшыларының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы жиын өткізді.

Ақтау қалалық білім бөлімі өзіне қарасты білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы жиын өткізді.

Онда Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Қ.Байгебаев "Білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдері" туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшыларына "Адал ұрпақ" жобасының жұмысын жандандыру мен келесі жылға жұмыс жоспарын бекіту, "Ашық бюджеттің интерактивті картасы" жобасы бойынша келесі жылғы қаржылық жоспарларын publicbudget.kz сайтына енгізу, ISO 37001: "Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі" халықаралық стандартын енгізу, қамқоршылық кеңестері мен ата-аналардың ұсынысы және арыз-шағымдарын жан-жақты қарау, жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау жөнінде нақты тапсырма берілді.

0
0
141

Ордабасы ауданында "ОңтүстікЖарық" ЖШС-нің жұмысшы ұжымымен экспромт кездесу өткізді.

Еліміздің келешегі "Nur Otan" партиясында екендігін айтты. Оған дәлел бүгінге дейін жеткен жетістіктері мен халықтың партияға деген үлкен сенімі.Халықтың ыстық ықыласына кенелген азаматтың бірі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үмітекер Кайнар Абасов бұл кездесуде аудандық сайлауалды штабының бастығы Ә.Бердімұратта бірге жүріп, үгіт насихат жұмыстарының өз дәрежесінде өтуіне атсалысты.

0
0
114

Құрметті Маңғыстаулықтар!📷 Жаңа жыл құтты болсын!

Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз.Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін.

📷 Құрметпен "Маңғыстау-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ұжымы!

0
0
121

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Әр отбасыға қуаныш, құт-береке, бірлік тілейміз! Жаңа жыл әрбір игі істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрметпен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

0
0
110