Мазмұнға өту

Жаңа

"Есіктен Есікке" шарасы аясында

"Есіктен Есікке" шарасы аясында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Елемесов Жәнібек ауданының Ұзынкөл және Ақоба ауылдарының тұрғындарына партияның сайлауалды үгіт матириалдарын таратып сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, партияның атқарып жатырған жұмыстары туралы хабардар етті. Өз кезегінде тұрғындар ел игілігі үшін атқарып жатырған істеріне ризашылығын білдіріп, алдағы сайлауда жеңіске жетуін тіледі.

0
0
203

Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды

📷 12 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Елтай Әубекеров, Есқайыр Елемесов және аудандық штабтың мүшесі Бекет Әліпқалиев Ұзынкөл ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткерлер сайлау науқанының еліміздің болашағы үшін маңызды екенін ескеріп, «Nur Otan» партиясының осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарымен таныстыра отырып, тұрғынарды алдағы сайлауда партияны қолдауға шақырды.

📷 Тұрғындар атынан Нұрлан Кәрімғалиев, Махамбет Нысанбаев, Камал Ажығалиев, Асылбек Бекетов сөз сөйлеп, партияны қолдаймыз деді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында тұрғындар үміткерлерге көкейлеріндегі сауалдарын қойып тиісті жауаптарын алды.

0
0
209

«Nur Otan» — болашағымыз Нұрлы болсын деген партия!

"Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасындағы 7 басым бағыттарында назарға алынған барлық жоспарлар насихатталуда.Партияның мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.Сондай-ақ біздерді қуантарлығы әйелдердің жан-жақты жұмыс жасап, дамуына жағдай жасалынуда.-Өкілетті органдарға ұсынылатын әйелдердің үлесі 30% кем болмауы тиіс.-Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар құрылып,бизнесті қолдау бағдарламалары аясында оларды жеңілдетілген несиелер мен және гранттармен қамтамасыз ету көзделіп отыр.-Өмірлік қиын жағдайды бастан кешіп жатқан отбасыларға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі."Nur Otan" парти…

0
0
148

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын.Тарих қойнауына енгелі тұрған 2020 жылда өзіндік табыстар және жетістіктермен қатар белгілі бір қиындықтар мен күрделіліктер орын алғаны мәлім. Әлемдегі экономикалық және саяси дағдарыстар, COVID-19 пандемиясына байланысты әлемде енгізілген шектеу шаралары Қазақстан халқы үшін де жеңіл тиген жоқ. Бірақ, халықтың ауызбіршілігі және келісімі еліміздегі тұрақтылық пен берекенің сақталуына жағдай жасап, сол арқылы мемлекеттік саясатта айқындалған ел экономикасын одан әрі дамыту жөніндегі міндеттердің орындалуына мүмкіндік берілді.Осы жұмыстар аясында жыл ішінде елімізде бой көтерген жаңа тұрғын үйлер мен түрлі нысандардың саны өсіп, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесін қалпына келтіру және қайта жөндеуден өткізу жұмыстарының қар…

0
0
169

977 мың отбасыға баспана саламыз – Nur Otan сайлауалды штабы Қостанайда

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысына келді. Мұнда билеуші партия өкілдері қала мен ауыл тұрғындарымен, өнеркәсіп көсіпорындарының ұжымдарымен, зиялы қауым өкілдерімен, жастармен, кәсіпкер әйелдермен және басқа да азаматтармен 20 кездесу өткізді.«СарыарқаАвтоПром» зауытының жұмысшыларымен кездесуде республикалық штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.Таяудағы 5 жылда облыста 80 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу, 2,8 мың км автожол салу және жөндеу, 100 мыңдай ауыл тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 9 мың пәтер ұсына отырып, 2 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салу және басқа да жобалар жоспарлануда.Бұдан кейін нұротандықтар өңірдің зиялы қауым өкілдерімен ұлттық мәдениет пен руханиятты дамыту, қоғамда бі…

0
0
158

«Ғажайыпқа толы жаңа жыл» акциясын қолдады

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Ғажайыпқа толы жаңа жыл» акциясын қолдап, аудан орталығында тұратын мүмкіндігі шектеулі балалар Санжар Ерболатов, Жалғас Рамазанов, Мирас Қаташев, Асылжан Асқаров, Құдайберген Сұлтанов, Нұрлы Ғаммат, Жасмин Қауи, Жансерік Жұмарыстанның үйіне барып, құттықтап, жаңажылдық сыйлықтар табыстады.

0
0
162

Жаңа жылға ақ тілек.

Ежелден ата-бабамыз «Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқай көр» -деп келер жылға үміт артып, ақ тілегін тілеп отыратын. Міне, 2020жыл да аяқталып, 2021 жылға қадам басқалы отырмыз. Өтіп бара жатырған тышқан жылының қазақ халқына, жалпы күллі адамзатқа салған жүгі ауыр болды. 2019 жылдың аяғында Қытай мемлекетінде алғаш індет ошағы ретінде тіркелген аты жаман ауру әлем жұртшылығын ілмегіне алып, жаппай таралған кезде алғашында есеңгіреп қалғанымыз да рас. Дегенменде «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген халқымыздың төзімділігі мен сабырлылығы,кеңдігі мен бірлігінің арқасында етек-жеңімізді тез жинап, індетке қарсы жұдырықтай жұмылып, қарсы тұра білдік. Пандемияның кесірінен «Мен» деген алпауыт елдердің экономикасы құлдырап, «Мықты» деген мемлекеттердің медицинасы қауқарсыз болып қалғаны…

0
0
183

Құрметті қала тұрғындары, қонақтары және әлеуметтік желі қолданушылары!

06 қаңтар күні сағат 14:00-15:00 аралығында Ақтау қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерЕрмек Нурмаганбеттің Сенімді өкіліАйбек Нұрғалиұлы "NurOtan" партиясы АҚФ Facebook ресми парақшасынан тікелей эфир өтетінін хабарлаймыз.

Эфир кезінде үміткердің сенімді өкілі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша сөз сөйлейді.

Барлықтарыңызды сұрақтар қоюға, ұсыныстар енгізу және пікір алмасу арқылы белсенді қатысуға шақырамыз.

Біз қашанда ашық диологқа дайынбыз!

" Nur Oran" партиясы Ақтау қалалық филиалының баспасөз қызметі

0
0
185