Мазмұнға өту

Жаңа

“Қиындықты еңсеріп, бірге жеңіске жетейік”.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Маңғыстаулық бірқатар азаматтар мемлекеттік наградаға ие болып жатыр екен. Олардың қатарында Еділ, Ахмет ағаларымыз, Бердіқожа інім де бар екен.

Қай-қайсы да облысқа танымал, елге еңбек сіңірген, абыройлы азаматтар.

Барлықтарыңыздың да марапаттарыңыз құтты болсын!

“Қиындықты еңсеріп, бірге жеңіске жетейік”.

Еділ Жаңбыршин

Ахмет Салманов

Бердкожа Боранбаев

#NurOtan

#Бізбіргеміз

#ЖетістіккеБіргеЖетеміз

0
0
146

"Nur Otan" партиясының даму бағдарламасын түсіндіру

Өңір экономикасының жетекші саласы мұнай-газ секторының төңірегінде қалыптасқан сервистік қызмет көрсететін мекемелерді де үгіт-насихат шараларынан тыс қалдырмадық. Қала халқының едәуір бөлігі осы салада қызмет ететінін ескерсек, олар да партия қызметін насихаттау жұмыстарынан шет қалмауы тиіс. Осы орайда, бүгін "Nur Otan" Партиясының даму бағдарламасын түсіндіру мақсатында вахталық кенттерге тұрмыстық қызмет көрсететін CASPIAN FOOD мекемесіне бардық. Азаматтарды бағдарлама жай-жапсарымен таныстырып, атқарылған жұмыстарды атап өттік. Өздерінің пікірлерін тыңдап, аманаттарын қабыл алдық. Қай-қайсысы да көпшілікке ортақ мәселелерді көтеріп жатты. Негізгілері тұрмыс үшін жайлы қала қалыптастыру мен жаңа жұмыс орындарын ашу. Бір қуантарлығы бұл сұрақтардың екеуі де қаланың даму бағдарламасынд…

0
0
183

Ақтау қалалық депутаттыққа үміткерYerbol Mukashev қатысуымен тікелей эфир

06 қаңтар күні сағат 11:00 – 13:00 аралығында «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының Фейзбук ресми парақшасында «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша Ақтау қалалық депутаттыққа үміткерYerbol Mukashev қатысуымен тікелей эфир өтетінін хабарлаймыз.

Барлықтарыңызды сұрақтар қоюға, ұсыныстар енгізу және пікір алмасу арқылы белсенді қатысуға шақырамыз.

Сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды және пікірлеріңізді осы жазба астына орналастыруға болады.

Біз қашанда ашық диологқа дайынбыз!

" Nur Oran" партиясы Ақтау қалалық филиалының баспасөз қызметі

0
0
206

Сайлауға 5 күн қалды - үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті

Бүгін қаламыздың ең үлкен әрі әмбебап сауда орындарының бірі WATERFRONT сауда орталығында болып, дүкен ұжымы мен тұтынушыларына "Nur Otan" партиясының бағдарламасын насихаттадық. Тұтынушыларды бірме-бір әңгімеге тартып, өңірлік даму бағдарламасын түсіндіріп, алдағы бес жылға жоспарланған жұмыстарды талқыладық. Бұған қоса, дүкен қызметкерлері мен тұтынушылары тарапынан тұрмыс сапасын жақсарту, коммуналдық қызмет бағаларын қадағалау, қоғамдық көлік қатынасын реттеу сияқты мәселелер көтеріліп, олардың оң шешімінің табылуын Ақтау қалалық маслихатының депутаттығына үміткелер ретінде болашақ қызметімізге аманат еттік.

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

Ерген Сыражан

0
0
154

Сайлауға 4 күн қалды

"Nur Otan" Партиясының бағдарламасын кеңірек таныстыра түсу мақсатында "РЦКУ-Актау" ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, Партия сайлауалды бағдарламасын, өңірлік даму жоспарын таныстырдық.

Партия жасақтаған Ақтау қаласының өңірлік даму бағдарламасында коммуналдық шаруашылығы саласының дамуына, қала инфрақұрылымдарының тұрғындар үшін жайлы болуына, әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне аса мән беріліп отыр. Жалпы, бағдарламаларды жүзеге асыруға республикалық деңгейде 21 трлн тенге қарастырылған. Олардың орынды жұмаслуын қадағалау - депуттардың басты міндеті.

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

Ерген Сыражан

0
0
135