Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» — болашағымыз Нұрлы болсын деген партия!

"Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасындағы 7 басым бағыттарында назарға алынған барлық жоспарлар насихатталуда.

Партияның мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.

Сондай-ақ біздерді қуантарлығы әйелдердің жан-жақты жұмыс жасап, дамуына жағдай жасалынуда.

-Өкілетті органдарға ұсынылатын әйелдердің үлесі 30% кем болмауы тиіс.

-Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар құрылып,бизнесті қолдау бағдарламалары аясында оларды жеңілдетілген несиелер мен және гранттармен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

-Өмірлік қиын жағдайды бастан кешіп жатқан отбасыларға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі.

"Nur Otan" партиясы,еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздын ынтымағы,еліміздін гүлденуімен әр бір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады.

Біздің партияның алға қойған міндеті мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында партия және оның мүшелерінің, азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау. Сонымен қатар партия бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге қатысу, өмір сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру және азаматтардың бойында жемқорлық фактілеріне төзімсіздікті тәрбиелеуге жәрдемдесу, билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Біз әрбір тұрғынның қолайлы өмір сүруі,дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құрамыз!

Біз Сіздерге дұрыс таңдау жасап, 10 қаңтар «Nur Otan» партиясын қолдап, бірауыздан дауыс беруге шақырамыз!

#NurOtan

#BizBirgemiz

#Jenimpazbol

#Tandau2021

0
0
118

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» — болашағымыз Нұрлы болсын деген партия! - Yvision.kz