Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды

📷 12 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Елтай Әубекеров, Есқайыр Елемесов және аудандық штабтың мүшесі Бекет Әліпқалиев Ұзынкөл ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткерлер сайлау науқанының еліміздің болашағы үшін маңызды екенін ескеріп, «Nur Otan» партиясының осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарымен таныстыра отырып, тұрғынарды алдағы сайлауда партияны қолдауға шақырды.

📷 Тұрғындар атынан Нұрлан Кәрімғалиев, Махамбет Нысанбаев, Камал Ажығалиев, Асылбек Бекетов сөз сөйлеп, партияны қолдаймыз деді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында тұрғындар үміткерлерге көкейлеріндегі сауалдарын қойып тиісті жауаптарын алды.

0
0
161

Осы тақырып бойынша

Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды - Yvision.kz