Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын.
Тарих қойнауына енгелі тұрған 2020 жылда өзіндік табыстар және жетістіктермен қатар белгілі бір қиындықтар мен күрделіліктер орын алғаны мәлім. Әлемдегі экономикалық және саяси дағдарыстар, COVID-19 пандемиясына байланысты әлемде енгізілген шектеу шаралары Қазақстан халқы үшін де жеңіл тиген жоқ. Бірақ, халықтың ауызбіршілігі және келісімі еліміздегі тұрақтылық пен берекенің сақталуына жағдай жасап, сол арқылы мемлекеттік саясатта айқындалған ел экономикасын одан әрі дамыту жөніндегі міндеттердің орындалуына мүмкіндік берілді.
Осы жұмыстар аясында жыл ішінде елімізде бой көтерген жаңа тұрғын үйлер мен түрлі нысандардың саны өсіп, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесін қалпына келтіру және қайта жөндеуден өткізу жұмыстарының қарқыны арта түсті. Бұдан басқа, еңбекақы және әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың мөлшерін арттыру және оларды уақтылы төлеу, әлеуметтік нысандар салу және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, экономика салаларына, әсіресе кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық, өнеркәсіп салаларына жан-жақты қолдау көрсету арқылы олардың одан әрі дамуын қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, нәтижесінде қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсара түсті.
Әлеуметтік сипаттағы мемлекеттік саясатты іске асыруда еліміздің жетекші саяси бірлестігі «Nur Otan» партиясы өзінің ұстанымы негізінде елімізде атқарылып жатырған барлық жұмыстарға атсалысып, қазақстандықтар үшін қалтқысыз қызмет атқаруда. Тұңғыш Президент, Елбасы, партия Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев бастамасымен және оның тікелей жетекшілігімен партия еліміздің өзекті мәселелерін оңтайлы шешу, азаматтардың мұң-мұқтаждарын орындау бойынша нақты шаралар қабылдап, оларды жүйелі іске асыруда. Партияның мұндай қамқорлығын еліміздің әр азаматы айқын сезінуде және партияның билікпен бірлесе атқарып жатырған игі істердің жемісін көруде.
Сол себептен де әр қайсымыздың азаматтық парызымыз – әлеуметтік жауапкершілік танытып, мемлекеттік саясатты барынша қолдау арқылы Қазақстанды одан әрі дамыту жөніндегі алда тұрған ауқымды мақсат-міндеттердің іске асырылуына атсалысу.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», – демекші біздер бірлесе отырып, өзара келісім мен татулықты сақтай білсек, туған Отанымыз – Қазақстан жоғары шындарды бағындыра берері сөзсіз.
Олай болса, Жаңа 2021 жыл әр қайсымызға мықты денсаулық, әр отбасыға құт-береке, амандық, елімізге тыныштық пен бар жақсылықтар алып келсін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, елдігіміз мәңгі болсын.
Мереке құтты болсын.
Игі тілекпен, «Nur Otan» партиясы
Жәнібек аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары
Б.Қ.Қуаналиев

